Навигация

Баннеры

Информация

Показатели работы

Алматы облысының жердің
пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының
2017 жылғы І тоқсандағы атқарған жұмысының есебі

 

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) 2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бойынша Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау басшылыққа алынды.

Сонымен қатар, Басқарма өзінің күнделікті жұмысында еліміздің дамуының Ұлт жоспары шеңберінде айқындалған тапсырмалар мен міндеттердің орындалуын басшылыққа алып, Басқарманың құзырына заңдармен жатқызылған мәселелері бойынша жұмыстар атқаруда.

Ағымдағы жылғы облыс әкімдігімен берілген барлық тапсырмалардың уақытында орындалуы бақылауға алынды. Басқармаға жеке, заңды тұлғалардың, басқа да органдардан келіп түскен арыздары, өтініштері, хаттары заңмен белгіленген мерзімде қарастырылып, жауабы берілуде және келіп түскен арыздар бойынша тексерулер жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында орындалуы міндетті нұсқамалар беріледі.

Алматы облысы жердің пайданалуы мен қорғалуын бақылау басқармасында штаттық кесте бойынша қызметкерлер саны 19 бірлікті құрайды. Еңбек келісім шарты бойынша 4 штаттан тыс қызметкерлер еңбек етуде.

Қаржыландыру жоспары бойынша басқарманы ұстау үшін 2017 жылы 62350,0 мың теңге қаралған , 1 тоқсанына -12948 мың теңге, бөлінген қаржы толығымен - 99,7 % игерілді.

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 63-бабы 1 тармағына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын, өткізуді қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта 11 мемлекттік әкімшілік қызметшілері аттестаттаудан өтті.

Басқармаға ағымдағы жылдың І тоқсанында барлығы 878 хаттар, өтініштер келіп түскен, (соның ішінде; мемлекеттік және басқа да мекемелерден – 811, заңды тұлғалардан – 27, жеке тұлғалардан – 40). Хаттар, өтініштер дер кезінде қарастырылып, жауаптары заңмен белгіленген мерзімде берілді. Облыс әкімдігінің берген хаттама тапсырмалары уақытылы орындалуда.

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Басқарма тарапынан 82 тексерулер тіркелді (сонымен қатар, Ақсу ауданы бойынша 1 тексеру ауыл шаруашылық жерін ерікті түрде қайтаруына байланысты бақылаудан алынды), оның ішінде: 62 аяқталды, ал 19 тексерулер бойынша жұмыстар аяқталған жоқ.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 30 заң бұзушылықтар анықталды, олардың арасында 10 субъектіге қатысты 703 мың 390 теңге айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қабылданды (соның ішінде, мемлекеттің кірісіне147 мың. 485 теңге өндірілді, 555 мың. 905 теңгенің өндіруінің орындау уақыты келген жоқ), 11 субъектілерге берілген нұсқаманы орындамағаны үшін материалдары әкімшілік сотқа жіберілген, қазіргі уақытта сотпен 34 мың. 035 теңге көлемінде айыппұлдар салынды, 3 ескерту және орындалуға міндетті 6 нұсқама берілді.

Басқармамен Балқаш ауданында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық жерлеріне (жайылым) тексерулер жүргізілуде, сондай-ақ 2016 жылғы берілген орындалуы міндетті нұсқамалар бойынша бақылау тексерулер жүргізілуде. Жер қойнауы және шаруа қожалықтар субъектілеріне ішінара тексерулер жүргізу үшін материалдары дайындалуда.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының «Жер заң негізінде - басып алуды тоқтатайық» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Талдықорған қаласы, Алакөл, Талғар аудандарына жер учаскесiн өз бетiнше басып алу фактілеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімдігінің 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы № 634 қаулысымен жүктелген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, 2017 жылы ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына жүргізілетін тексеру мен мемлекеттік меншікке қайтару тәртібі бойынша аудан, қалаларда құрылған жұмыс топтарымен семинар – кеңестері өткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының «Жер заң негізінде – басып алуды тоқтатайық» жобасы бойынша жерлерді өз бетінше басып алуға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты аудан, қалаларда құрылған мобильдік топтармен кездесулер өткізілді. Облыстық «Жетісу» газетінің 14.03.2017 ж. № 29-30 (18306) санында «Жерді заң аясында пайдаланайық» тақырыбындағы мақала жарық көрді.

 

2015 - 2016 жылдары анықталған пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлері бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.

Барлығы 2015 - 2016 жылдары 331,2 мың пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлері анықталған.

Бүгінгі күні, Басқарма тарапынан және аудан, қаланың жергілікті атқарушы органымен, жер қатынастары бөлімдерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде:

- 38,6 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды (соның ішінде: 2991 га тәлім егістік, 1705 га суармалы егістік, 33899 га жайылым, 37 шабындық);

- 194,6 мың га жердің иелері жерлерін пайдалануға кірісті (соның ішінде: 16605 га тәлім егістік, 18452 га суармалы егістік, 156959 га жайылым, 2618 га шабындық);

- 22,8 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке алынған (соның ішінде: 840 га тәлім егістік, 1549 га суармалы егістік, 20335 га жайылым, 134 га шабындық), бұл жерлер аудан, қаланың жергілікті атқарушы органның және жер қатынастары бөлімдерінің бақылауында;

- 75,1 мың га қайталана пайдаланылмағаны анықталды (соның ішінде: 26261 га тәлім егістік, 5543 га суармалы егістік, 41698 га жайылым, 1556 га шабындық);

Басқарма тарапынан жер учаскелерін мақсаты бойынша пайдаланбағаны үшін әкімшілік шара қолданылып, бір жыл мерзімге заң бұзушылығын жою қажеттігі туралы орындалуы міндетті нұсқамалар берілген.

Осы себепте, Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғастырлуда.

 

 
Басқарма басшысы                                                           А.Жолдогутов
 
 
Б.Ақылбеков
Тел.: 8/7282/32-93-43
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.