Навигация

Информация

Баннеры

План работы

«Бекітемін»
Алматы облысының жердің
пайдаланылуы мен қорғалуын
бақылау басқармасының басшысы
___________________ А.Жолдогутов
2017 жыл «______» _______________

 

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ
ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ МЕН ҚОРҒАЛУЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
2018 жылға арналған жылдық жұмыс
ЖОСПАРЫ

 

Басқармада жоспарланған іс-шаралары
Шаралардың аталуы
Орындау мерзімі
Орындалуына жауаптылар
1
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды тескеру кестесіне сәйкес ақпан айында жүргізілетін кешенді тексеруге қажетті іс шараларды қолға алу
ақпан
Басшылық,
бөлім басшылары,
бас мамандар
2
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру
тұрақты
Басшылық,
бөлім басшылары,
бас мамандар
3
Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамының 35-ші, 36-шы қадамы бойынша атқарылатын жұмыстарға ат салысу
тұрақты
Басшылық,
бөлім басшылары,
бас мамандар
4
Басқарма мамандарын Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңдарына енгізілген өзгерістер мен қосымшаларына байланысты оқып – үйрету және кәсіптілік біліктілігін жетілдіру
ақпан – наурыз
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
5
Алматы қаласының маңайында орналасқан аудандардағы орын алып отырған жер заңнамасын бұзушылармен тыңғылықты жұмыс жүргізу
ақпан – наурыз
Басшылық, мем.инспекторлар
6
Басқармаға берілген облыс әкімінің тапсырмаларын және келіп түскен жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттік мекемелердің өтініш, арыздарын, прокуратура мен жоғарғы тұрған органдардың ұсыныс, талаптарын Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» № 221 Заңы аясында қарастыру.
Келіп түскен жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттік мекемелердің өтініш, арыздарын заңмен белгіленген мерзімінде қарастыруын қадағалау
тұрақты
Ішкі әкімдестіру бөлімінің кадр жөніндегі бас маманы
7
Басқарма өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1 бабының 4 тармағына және 144-148 баптарының талаптарына сәйкес:
- жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар береді;
- жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
- Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148 бабы 1 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындайды және береді;
- пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтайды және мемлекеттік меншікке қайтарады;
- егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.
тұрақты
Басшылық,
бөлім басшылары,
бас мамандар
8
Басқарма тексерулерді жүргізу барысында өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган ретінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» №377-ІV Заңы талаптарына сәйкес жүргізе отырып, төмендегі анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады:
  • ҚР ӘҚБтК 136 – бап
Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу;
  • ҚР ӘҚБтК 137 – бабының 1 тармағы 2 тармақшасы
(жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу);
  • ҚР ӘҚБтК 138 – бап Арнаулы белгілерді жою;
  • ҚР ӘҚБтК 337 – бап Жерді бүлдіру;
  • ҚР ӘҚБтК 338 – бап
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау;
  • ҚР ӘҚБтК 339 – бап
Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы;
  • ҚР ӘҚБтК 340 – бап
Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамауы себепті тиісті шаралар қабылдау
тұрақты
Басшылық,
бөлім басшылары мен
бас маман-мемлекеттік инспекторлар
9
Екі жақты келісілген меморандумға сәйкес іскерлік пен тәжірибе алмасу, жаңашылдық пен жаhандық дәстүрлерге машықтану үшін Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарына іссапар ұйымдастыру
наурыз- сәуір
Басшылық, бөлім басшылары
10
«Сыбайлас жемқорлық пен басқа сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңдылықтардың бұрмалаушылықтарының алдын алу және жер заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау мәселелері» тақырыбы шеңберінде Басқарма мамандарының және облыстық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен семинар өткізу
сәуір-мамыр
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
11
Басқарма тарапынан аудан, қалаларға шығып, ҚР Жер кодексінің талаптарын түсіндіру, Басқарманың құзыреті, функциясы және міндеттері туралы баяндама жасау, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері бойынша жасалған келісім – шарттарды біржақты бұзу мәселесіне қатысты түсіндермелер беру және анықталған заң бұзушылықтарға қатысты материалдарды Басқармаға шара қабылдау үшін сапалы түрде тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
ақпан - мамыр
Басшылық, бөлім басшылары
12
Ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілетін зерделеу жұмыстарымен анықталған пайдаланылмаған жерлерге тиісті іс-шараларын атқару
мамыр - қыркүйек
Басшылық, мемлекеттік инспекторлар
13
Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, геологиялық барлау жұмыстары барысында жер заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау
тұрақты
Басшылық, мемлекеттік инспекторлар
14
Облыстық жер қатынастары, облыстық ауыл шаруашылығы, облыстық кәсіпкерлік және индустриялдық – инновациялық даму басқармаларымен жер заңнамасы талаптарының сақталуы мен заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу
тұрақты
Басшылық,
бөлім басшылары,
мем.инспекторлар
15
Облыстық, аудандық прокуратура, табиғат қорғау прокуратурасы органдарымен бірлесіп жер заңнамалары бұзушылығын анықтау мен оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру
тұрақты
Басшылық,
бөлім басшылары,
мем.инспекторлар
16
Басқарманың құзыреті мен міндеттері туралы және жердің пайдаланылуы мен қорғалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында «Жетісу» телеарнасында тілшіге сұхбат беру
қараша
Басшы, басшының орынбасары
17
Бөлімдердің атқарған жұмыстарының нәтижелері бойынша тоқсандық есептерін тыңдау
тоқсан сайын
Бөлім басшылары,
барлық мамандар
18
Басқарманың жүргізілген тексерулердің тиімділігінің мониторингін жасау және Басқарманың жылдық есебі бойынша жиналыс өткізу
желтоқсан
Басшылық
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.