Навигация

Информация

Баннеры

Новости

Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Категория: Новости
Дата: 20.08.2018
Просмотры: 280 Печать страницы
Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ұжым мүшелерінің  қатысуымен
өткізілген  жиналысының
ХАТТАМАСЫ

 

 

Талдықорған қаласы                         № 11                              20 тамыз 2018 ж.
 
 
Төрағалық етуші:  
Басқарма басшысы                                                -        А. Жолдоғұтов
 
Хатшы :                                                                          
Ішкі әкімдестіру бөлімінің
бас маманы                                                                 -        А. Асхатбек
 
Қатысқандар:
Бөлім басшылары
 
 
Бас маман-мемлекеттік
инспекторлар
 
 
 
 
-
-
-
 
-
 
 
 
Б. Ақылбеков
М. Джундыбаев
А. Байшоранов
 
10 маман (тізім бойынша)
 

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:
 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын қатаң сақтау.
2. Әдеп нормалары мен стандарттарын ұстану.
 
 
Басқарма басшысы А. Жолдоғұтов:
Құрметті қатысушылар! Бүгінгі біздің жиылысымыздың басты мақсаты – ең өзекті мәселелердің бірі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес». Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы екені белгілі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен субъектілер жүргізуге міндетті. Сол себепті де, Басқарма тарапынан құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастамасымен, өздеріңіздің қатысуларыңызбен тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жиылыс өткізілуде.
Сонымен қатар, бүгінгі күн тәртібіндегі тағы бір мәселе ол – мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен стандарттарын ұстану.
 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын қатаң сақтау.
Құқықтық қамтамсыз ету бөлімінің басшысы А. Байшоранов:
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты – сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту керек екендігін айтып, тиісті органдарды міндеттеді. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Бір сөзбен айтқанда, коррупциямен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар, білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын жағдайларға жол бермеу керек. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу,жемқорлықтың алдын алу әр тұлғанын өз қолында, санасында!
 
2. Әдеп нормалары мен стандарттарын ұстану.
Ішкі әкімдестәру бөлімінің бас маманы А. Асхатбек:
Әдеп кодексі - Мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға тиіс, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
 
Шығып сөйлегендердің пікір ұсыныстарын негізге ала отырып жиналыс ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары барынша күшейтіліп, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, заң бұзушылыққа жол бермеу басты міндеттердің бірі деп саналсын.
2. Заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптары бұлжытпай орындалсын.
3. Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілерімен ҚР Әдеп кодексінде көрсетілген нормалар қатаң түрде сақталынсын.

 

Жиналыс төрағасы                                                 А. Жолдоғұтов

Хатшы                                                                       А. Асхатбек

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.