Навигация

Информация

Баннеры

Новости

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы

Категория: Новости
Дата: 31.05.2018
Просмотры: 652 Печать страницы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған.

Осы уақытқа дейін біз сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет деп келсек, ендігі уақытта басты идеологиялық құжатымыз Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады.

Тіпті еліміздің жаңа Заңының атауы да бұрынғыша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес емес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» деп өзгертілді.

Идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған.

Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» түсініледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы.

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мақалалар және жаңалықтар орнату үшін интернет ресурсының жұмысы алға қойылып, әлеуметтік парақшалар ашылды. Сайтта басшылықтың жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау графигі мен сенім телефоны туралы ақпарат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалады.

Азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. Қабылдау барысында жер мәселесі бойынша сұрақтар қойылып, заңнамаға сәйкес тиісті жауаптар беріледі.

Басқарма мамандарының құқықтық мәдениетін, жер қатынастары саласындағы құзіреттілігін, кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау саласындағы заңнамалардағы енгізілген өзгерістер туралы хабарланып отырады. Әдеп кодексінің қатаң сақталуы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай жасамау жөніндегі мәселелер басшымен жұмыс барысындағы жиналыстарда үнемі ескертіліп отырылады.

 

 

Алматы облысы бойынша
жердің пайдалануы мен бақылау
басқармасының басшысы А. Жолдоғұтов
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.