Навигация

Баннеры

Информация

Новости

ХАТТАМАСЫ

Категория: Новости
Дата: 04.04.2017
Просмотры: 128 Печать страницы
Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жалпы жиналысының
ХАТТАМАСЫ
 
Талдықорған қаласы                         №                                             04 сәуір 2017 ж.
                                                                                                       сағат 12-00

 

 

Төрағалық етуші: басқарма басшысының орынбасары Б.А.Жакупов
Қатысқандар: басқарманың барлық қызметкерлері (тізім бойынша)
Б.Б. Акылбеков- жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор
Н.А. Бакторазов - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор
А.М. Байдильдинов– бас маман-мемлекеттік инспектор
Р.К. Ерденбекова- ішкі әкімдестіру бөлімінің басшысы
А.С. Керимбеков- бас маман-мемлекеттік инспектор
М.Т. Кайназаров – бас маман-мемлекеттік инспектор
М.Б. Орманбетов- жер мониторингісі мен жерге орналастыру бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор
Г.А. Сарсимбекова - бас маман-мемлекеттік инспектор
И.М. Шоқпаров - бас маман-мемлекеттік инспектор
А.А. Байшоранов– бас маман-мемлекеттік инспектор
Ж.Р. Амиржанов- бас маман-мемлекеттік инспектор
М.К. Джундыбаев- бас маман-мемлекеттік инспектор
К.Ж. Есмұрат - бас маман-мемлекеттік инспектор
Н.Б.Сартбаев- бас маман-мемлекеттік инспектор
 
Күн тәртібі:
 
«Сыбайлас жемқорлық пен басқа жемқорлық сипатындағы заңдылықтардың бұрмалаушылықтарының алдын алу және жер заңнамасының бұзушылықтарының алдын алу жер заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау мәселелері» тақырыбымен басқарма мамандары және облыстық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен семинар өткізу.
 
Тыңдалды:
Басқарма басшысының орынбасары Б. Жакупов – Басқарманың 2017 жылғы жұмыс жоспары бойынша «Сыбайлас жемқорлық пен басқа жемқорлық сипатындағы заңдылықтардын бұрмалаушылықтарының алдын алу және жер заңнамасының бұзушылықтарының алдын алу жер заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау мәселелері» тақырыбымен басқарма мамандары және облыстық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен семинар өткізу бекітілген. Осыған байланысты бүгін осы жиналысты өткіземіз Облыстық кәсіпкерлік палатаның бөлім басшысы - Сұлтанбек Адлет Сұлтанбеқұлы қатысып отыр.
 
Баяндама жасау үшін сөз Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор Н.А.Бақторазовқа берілді.
Баяндамашы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Д.Назарбаеваның 2016 жылға арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) іске асыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығымен өткізген кездесу барысын паш етті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттары енгізіліп, тиімді қолданылып жатқандығы айтылды. Мемлекеттік қызметке кірудің жаңа жүйесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері жетілдірілуде. Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасу тиімділігі артуда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестердің және бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің рөлі күшеюде. Көлеңкелі экономикамен күресу үшін электрондық шот-фактуралар, сондай-ақ тексерулер жүргізу кезінде электрондық аудит енгізілді. Кедендік рәсімдерді автоматтандыру маңызды жаңалық болды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының саны азаймай отыр. Мәселен, 2016 жылғы деректер бойынша осындай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі ішкі істер органдарында, мемлекеттік сатып алу, денсаулық сақтау, жер қатынастары, білім беру, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында тіркелген.
Сенат депутаты өз сөзінде, біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру үшін:
  1. Егер заңды тұлғаның басшысы, құрылтайшысы, қатысушысы немесе басқа да уәкілетті тұлғасы осы заңды тұлғаның атынан немесе соның мүдделерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаса немесе олардың жасалуына жағдай туғызса, заңды тұлғаның жауаптылығын қарастыру керек. Мысалы, Ұлыбританияның заңнамасында компанияның атынан сонымен байланысты адамдар (менеджерлер, агенттер, консультанттаржәнеөзге де адамдар) жасаған парақорлықтың алдын алмағаны үшін заңды тұлғалардың жауаптылығы көзделген. Сондай-ақ, компанияларғабизнес-әріптестерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатыстылығы тұрғысынан тексеру; сыбайлас жемқорлықтыболғызбаудың корпорацияішілік рәсімдерін енгізу; шенеуніктер мен бәсекелестер тарапынан бопсалау немесе қорқыту әрекеттері орын алған жағдайларда қызметкерлердің іс-қимыл жасауы туралы міндетті түрде орындалуға тиіс нұсқаулықтар қабылдау ұсынылады.
  2. Басқарып отырған ведомствосындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйі үшін лауазымды адамдардың дербес тәртіптік жауаптылығын енгізу қажет. Қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін әкімшілік жауаптылық қана көзделген.
Сондай-ақ «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйін» мемлекеттік органдар басшыларының жұмыс істеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде айқындау керек. Мысалы, көптеген пайдаланушыларорталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған ақпараттар сапасының сын көтермейтінін айтуда: көбіне олар уақтылы жаңартылмайды не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері көрсетілмей, жалпы сипатта ғана болады.
  1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы сотта расталған ақпаратты бергені азаматтарды ынталандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі мәселені қарастыру керек. Мысалы, Израилде, АҚШ-тажәне Германиядаақпарат беруші адамға қылмыскер төлеуге міндетті айыппұлдан немесе тәркіленген мүліктен белгілі бір процент төленеді.
Бұл ретте куәгерлерді қорғау жүйесін пысықтап қарау қажет. Саналы азаматтарға өз қауіпсіздігіне, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабарлаған адамның деректерін ешкім біліп қоймайтынына сенімді болу өте маңызды.
  1. Банк жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес біздің еліміз жұмыс істемейтін кредиттер бойынша әлемде 15-ші орында тұр. Ұлттық Банктің деректері бойынша 2016 жылдың басында жұмыс істемейтін кредиттер деңгейі 1,23 трлн.теңгені немесе несиелік портфельдің 8%-ын құраған. Және, Standard&Poors халықаралық рейтингілік агенттіктің мәлімдеуінше,
    2017 жылыреспубликамыздағы жұмыс істемейтін кредиттердің көлемі
    тағы 2-3%-ға өседі.
Сарапшылардың пікірлері бойынша, Қазақстанның банк жүйесіндегі қомақты ақшалай ысыраптардың негізгі себебі банктердегі сыбайлас жемқорлықпен, сондай-ақ банктердің мүдделі лауазымды адамдарының көрінеу қайтарымсыз операцияларымен байланысты болып отыр. Оларға, сарапшылардың бағалауы бойынша, барлық«нашар» кредиттердің шамамен 85%-ы тиесілі. Бұл реттеқарыз алушылардың қаржылық жағдайы туралы дұрыс емес ақпарат, кепілдерді бағалаудағы айла-амалдарнемесебанк қызметкерлеріне белгілі бір іс-әрекеттері үшін пара беру жосықсыз банкирлер жиі пайдаланатын «құралдар» болып табылады.
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкесбюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мемлекеттік органдардың тиімділігін айқындау өлшемдерінің бірі болып табылады. Бюджет қаражатының бекітілген немесе ең аз көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу мақсатында бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелі болуы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін айқындау үшін Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі әзірленді. Сонда да бюджет қаражатын жоспарлаудың төмен деңгейі, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан жүйелі тәсілдің, тиісті мониторингтің және бақылаудың болмауы байқалуда. Осылайша, мемлекеттік органдарда корпоративтік басқару жүйесін енгізу одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
  1. Ауылдық округтер мен аудандық әкімдіктерде өкілдік шығыстарға қаражат бөлу мүмкіндігін заңнамалық деңгейде қарау керек. Бұлсыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жағдай туғызуды болғызбауға мүмкіндік береді.
  2. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларынасыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелері енгізілді. Алайда, мұндай сабақтартұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілмей отыр, негізінен құқық қорғау органдарының өкілдері түсіндіру жұмысын өткізуде.
Оқытушыларда осындай сабақтарды өткізу үшін жеткілікті
оқу-әдістемелік материалдар жоқ. Оларға мұндай сабақтарды өткізгені үшін қосымша төлем жүргізілмейді, сондықтан бұл олардың сапасына әсер етуде.Сондай-ақ, осындай сабақтарды бастауыш сыныптардан бастап өткізу керек деп есептейміз, бұл тиісінше оқу-әдістемелікқұралдарға қосымша қаражат бөлуді қажет етеді.
  1. Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды оңайлату, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, әлеуетті өнім берушілердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін арттыру арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамалық база құрылған. Сонда да мемлекеттік сатып алу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тәуекеліне мейлінше жиі ұшырайтын сала болып қалуда.
Және осы тұрғыдан ресейлік әріптестеріміздің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бюджет қаражатының жұмсалуын ретке келтіру мен бақылау жөніндегі тәжірибесін зерделеу керек. Мәселен, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындаушылар мемлекеттік тапсырыс берушілерден алатын ақша қаражатын алуды және нысаналы пайдалануды міндетті бақылау процесіне екінші деңгейдегі банктер тартылған.
Сонымен қоса, екінші деңгейдегі банктеркелісімшарттар бойынша есеп айырысуларға мониторингті жүзеге асырады және тиісті ақпаратты мемлекеттік тапсырыс берушіге және Росфинмониторингкежібереді.Біздің ойымызша, елімізде мемлекеттік сатып алу шеңберінде бюджет қаражатының қозғалысына екінші деңгейдегі банктерарқылы бақылау жасауды енгізу осы салада жасауға кедергілер жасайды.
  1. Мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне олардың еңбек нәтижелілігі бойынша еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру қажет.
Мемлекеттік аппаратты одан әрі оңтайландыру мемлекеттік органдардың қайталайтын функцияларын жою, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру есебінен ғана емес, мемлекеттік органдардың жекелеген өкілеттіктерін азаматтық қоғам институттарына беру арқылы да жалғастырылуға тиіс.
  1. Мемлекеттік органдардың қарамағындағы шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді оңтайландыру керек. Көбіне, мемлекеттік органның штат санын қысқартқан кезде министрліктер жанынан қызметкерлер саны көп әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындар құрылады, соның нәтижесіндебюджет қаражатын үнемдеудің орнына оларды ұстауға арналған шығыстар ұлғаяды.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық мемлекеттік басқарудың бірігіпнығаюы, сондай-ақ оғаназаматтыққоғаминституттарының және бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы қажет екені сөзсіз-деп қорытындылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылдың 9 наурызында бекіткен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді» Жоспарының 5.3 тармағының негізінде басқарма басшылары ай сайын облыстық газетке авторлық мақала жариялау туралы іс шара жоспары бекітілді.
Сөз соңында баяндамашы «сақтансаң сақтаймын-деген» мәтел сөзімен аяқтап мемлекеттік инспекторлардың жұмысына сәттілік тіледі.
3. Жер мониторингісі мен жерге орналастыру бөлімінің басшысы -мемлекеттік инспектор М.Б.Орманбетов
Біздің жұмыс кәсіпкерлермен тікелей байланысты. Кәсіпкерлік кодекстің 140 бабында бақылау органының лауазымды тұлғасының объекті, субъектіге баруы, ақпарат сұратуы, тұлғаны шақыртуы тексеру болып саналады. Сонымен қатар, бұл талаптың күші осы баптың 3 тармағы
Талдықорған қаласында 90-нан астам кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп алғаны белгілі. Алайда, Талдықорған қаласында құрылған жұмыс тобы осы заң бұзушылығына жол берген тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстарды атқармайды.
Нәтижесінде осы 90-нан астам кәсіпкерлік субъектілерінің иелерін анықтау мүмкін болмай отыр. Менің ойымша, ешқандай кәсіпкер рұқсатсыз мемлекеттік жерге апарып сауда объектілерін орнатпайды. Бұл жерде жер қатынастары мен
4. Облыстық кәсіпкерлік палатаның бөлім басшысы - Сұлтанбек Адлет Сұлтанбеқұлы
Кәсіпкерлік палатасыда сол Кәсіпкерлік кодекс және тағы басқа да заңдарға сүйне отырып жұмыстарын атқарады. Қазіргі заманда ешкім өзінен өзі барып бір жерді басып алып дүкен немесе басқа құрылыс салмайды. Адамдар қазіргі заманға сай оқыған, білімді заңдарды біледі. Біз тексеру жүргізе алмаймыз, көмек көрсетеміз ол кәсіпкер кім екенін, қалай тұрғанын т.б. мәліметтерді табуға мүмдігінше көмектесеміз.
 
Шығып сөйлеушілер мен баяндамашылардың пікір-ұсыныстарының негізінде жалпы жиналыс шешім етті:
  1. Баяндамашының ұсынған баяндамасы назарға алынсын.
  2. Алдағы кезеңде облыстық кәсіпкерлік палатасымен тығыз байланыста жұмыс атқарылсын.

      

 
     Жиналыс төрағасы                                          Б.Жакупов
 
     Жиналыс хатшысы                                         Г.Сарсимбекова    
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.