Навигация

Баннеры

Информация

Новости

Семинар-кеңестің

Категория: Новости
Дата: 11.04.2017
Просмотры: 130 Печать страницы

Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының «Жер заң негізінде - басып алуды тоқтатайық» жобасы бойынша Алматы облысы әкімінің өкілдік ғимаратында өткізілген семинар-кеңестің хаттамасы

 

Алматы қ.                                                                   «11» сәуір 2017 жыл                        

 

Төрағасы  - Жолдоғұтов А.Ә. – Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.

 

Қатысқандар: - облыстық, қалалық құқық қорғау органдары мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының, Қапшағай қалалық және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай,Панфилов, Талғар, Ұйғыр аудандық әкімдерінің орынбасарлары мен жер қатынастары және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері.

 

Күн тәртібінде:

 

Жерді өз бетінше басып алуға жол бермеу, жер телімін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану туралы

__________________________________________________________________

Жолдоғұтов А.Ә., Абдрахманов М.Б., Жакупов Б.А.,Қалқабай А.Н., Құрбанов ШБ.,.

 

Жолдоғұтов А.Ә. - Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, өзінің баяндамасында семинардың негізгі мақсаты жер заңнамасын, оның ішінде жер қатынастары саласының тетіктерін жүзеге асыру және жерді басып алу мен оларды шешу жолдарын реттеу жөніндегі түсініктемелер беруге бағытталғанын атап өтті.

Жер қатынастарын реттеу барысында Жер кодексі және соның негізінде нормативтік құқықтық актілерінің талаптары қажетті деңгейде орындалмай, жеткіліксіз жүргізілуіне басты назарды аударды.

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабында жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген, бұл жерде мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау –жетпіс бес пен жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны қарастырылғандығын айтты.

Мұнымен қоса жерге заттай құқықтарды бұзу бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 201-бабының 1. тармағында қамтылған.

Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Жер заң негізінде-басып алуды тоқтатайық» жобасын іске асыру жоспарын орындау мақсатында Бас прокуратурамен мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің бағдаржолдары (альгоритм) әзірленіп, облыстағы жер саласына қатысы бар бүткіл мемлекеттік органдарға таратылғанын атап өтті.

Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі жарты жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігіне тапсырылатындығына тоқталды.

Баяндаманы аяқтай келе, жер қатынастарымен байланысты және ұсынылған бағдаржолдағы талаптарды орындауға шақыра отырып, барлық мәселелер бойынша туындайтын ұсыныстар болған жағдайда оларды тыңдауға және қажет болған жағдайда оларды жүзеге асыру бойынша белгіленген тәртіпте шаралар қабылдайтынын хабарлады.

Абдрахманов М.А. – Алматы облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарманың аға прокуроры.

Бас прокурор және Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрімен бекітілген «Жер заң негізінде-басып алуды тоқтатайық» жобасын іске асыру жоспары 2016 жылдың 9 қарашасынан бастап жүзеге асырылып жатқандығына тоқталып, семинар-кеңеске қатысушыларды осы жоспардың негізінде әзірленген бағдаржолдардың талабын мүлтіксіз орындауға және де ұсынылатын барлық ақпараттардың толыққандылығын қамтамасыз етуге шақырды. Егер де материалдар шикі болған жағдайда аудандағы жұмыс тобына қайтару керектігіне және де аудандық, қалалық деңгейде жер иеленушілермен үгіт-насихат жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығына тоқталды. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда сөзбұйдалыққа салып, кемшіліктерге жол берілетін болса, бұл жөнінде облыс әкімінің атына анықтама жолданатынын ескертті.

Жакупов Б.А. – Басқарма басшысының орынбасары.

Кеңеске қатысушыларға әдістемелік көмек материалдары үлестірілді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 12-бабының 27) тармағында, жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену- жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп танылады.

Мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленіп алу өзекті мәселенің біріне айналуда, яғни мемлекет қорындағы жерлерді өз бетімен иелену бойынша 2012 жылы-88, 2013 жылы-113, 2014 жылы-11 (бұл жылы моратори жарияланға болатын),2015 жылы - 49 субьектілер әкімшілік жауапқа тартылып жер заңнамасын бұзушыларға әкімшілік іс қозғалып айыппұл салынып, заңсыз иеленген жерлерді қайтару жөнінде нұсқамалар берілген болса, 2016 жылы 17 субъект әкімшілік жауапқа тартылды.Бұл жерде азаматтар өзінің жер телімінен тыс 3,5,15 метрге дейінгі жерлерді қосып, қоршап алуы, бос жатқан жер деп автогараждарды орнатуы т.с.с майда-шүйде әрекеттерін айтуға болады. Басқарманың аудан, қалалалардағы мемлекеттік инспекторларының жер иеленушілерге жер заңнамасын түсіндіріп, тексеру жүргізу кезіндегі қажырлы еңбегінің арқасында, 2016 жылы жерді өз бетімен басып алу ықшамдалды. 2017 жылдың бірінші тоқсанында Талдықорған қаласынан 1 субьект анықталынды.

Елбасының берген тапсырмаларын орындау үшін, барлығымыз бір кісідей осы жұмыстарды атқаруға, жер заңнамасын бұзушылықтарды болдырмауға, жер учаскелерін тиімді және өз мақсатына сай пайдалануға барлық күш-жігерімізді сала отырып, аянбай жұмыс жасауға Сіздерді сендіреміз.

Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары А.Қалқабай, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Ш.Құрбановтар өздерінде атқарылып жатқан іс-әрекеттеріне қысқаша тоқталып, бүгінгі семинар-жиналыста көтерілген мәселелерді құптайтындығын, алдағы уақытта бірлесіп еңбек ететіндіктеріне тоқталды.

Жолдоғұтов А.А. - Семинар барысында берілген бағыт-бағдар мен ұсынымдар жер қатынастары мәселелерін тиімді реттеуге септігін тигізетінін ескере отырып, осындай үлкен маңызы бар өзекті мәселелер алдағы уақытта да күн тәртібінен түспейтіндігін және семинарға қатысушыларға үлкен алғысын жеткізе отырып, семинар-кеңесті қорытындылады .

 

 

Жиналыс төрағасы                                           А.Жолдоғұтов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.