Навигация

Баннеры

Информация

Новости

Семинар-кеңестің

Категория: Новости
Дата: 03.04.2017
Просмотры: 119 Печать страницы
Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының «Жер заң негізінде - басып алуды тоқтатайық» жобасы бойынша өткізілген семинар-кеңестің хаттамасы
 
Талдықорған қ.                                               «3» сәуір 2017 жыл                        
 
 
Төрағасы  - Жолдоғұтов А.Ә. – Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.
 
Қатысқандар:  - облыстық, қалалық құқық қорғау органдары мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының, Талдықорған, Текелі қалалық және Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал аудандық жер қатынастары және Талдықорған қалалық, Ақсу аудандық  сәулет және қала құрылысы бөлімінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері.
 
Күн тәртібінде:
 
Жерді өз бетінше басып алуға жол бермеу, жер телімін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану туралы
__________________________________________________________________
Жолдоғұтов А.Ә., Абдрахманов М.Б., Бакторазов Н.Ә.,Орманбетов М.Б.,  Садыров Д.

 

Жолдоғұтов А.Ә. - Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, өзінің баяндамасында семинардың негізгі мақсаты жер заңнамасын, оның ішінде жер қатынастары саласының тетіктерін жүзеге асыру және жерді басып алу мен оларды шешу жолдарын реттеу жөніндегі түсініктемелер беруге бағытталғанын атап өтті.

Жер қатынастарын реттеу барысында Жер кодексі және соның негізінде нормативтік құқықтық актілерінің талаптары қажетті деңгейде орындалмай, жеткіліксіз жүргізілуіне басты назарды аударды.

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабында жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген, бұл жерде мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау –жетпіс бес пен жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны қарастырылғандығын айтты.

Мұнымен қоса жерге заттай құқықтарды бұзу бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 201-бабының 1. тармағында қамтылған.

Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Жер заң негізінде-басып алуды тоқтатайық» жобасын іске асыру жоспарын орындау мақсатында Бас прокуратурамен мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің бағдаржолдары (альгоритм) әзірленіп, облыстағы жер саласына қатысы бар бүткіл мемлекеттік органдарға таратылғанын атап өтті.

Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі жарты жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігіне тапсырылатындығына тоқталды.

Баяндаманы аяқтай келе, жер қатынастарымен байланысты және ұсынылған бағдаржолдағы талаптарды орындауға шақыра отырып, барлық мәселелер бойынша туындайтын ұсыныстар болған жағдайда оларды тыңдауға және қажет болған жағдайда оларды жүзеге асыру бойынша белгіленген тәртіпте шаралар қабылдайтынын хабарлады.

Абдрахманов М.А. – Алматы облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарманың аға прокуроры.

Бас прокурор және Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрімен бекітілген «Жер заң негізінде-басып алуды тоқтатайық» жобасын іске асыру жоспары 2016 жылдың 9 қарашасынан бастап жүзеге асырылып жатқандығына тоқталып, семинар-кеңеске қатысушыларды осы жоспардың негізінде әзірленген бағдаржолдардың талабын мүлтіксіз орындауға және де ұсынылатын барлық ақпараттардың толыққандылығын қамтамасыз етуге шақырды. Егер де материалдар шикі болған жағдайда аудандағы жұмыс тобына қайтару керектігіне және де аудандық, қалалық деңгейде жер иеленушілермен үгіт-насихат жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығына тоқталды. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда сөзбұйдалыққа салып, кемшіліктерге жол берілетін болса, бұл жөнінде облыс әкімінің атына анықтама жолданатынын ескертті.

Бақторазов Н.Ә. – Басқарманың құқықтық қамтамсыз ету бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы.

Жер қатынастары саласындағы басқа да түйінді мәселелердің қатарына мемлекет меншігіндегі жерлерді өз бетімен басып алуын жатқызуға болады. Бұл мәселенің басқадай жер заңнамаларын бұзушылардан айырмасы кең көлемде және жүйелі түрде сипат алуы және жылда қайталанылуын бағамдай алған Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы «Жерлерді өз бетінше басып алуға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы» 3 қараша 2016 жылы өткен алқа отырысында қабылдаған шешімнің негізінде «Жер заң негізінде- басып алуды тоқтатайық» Жобасын (бұдан әрі-Жоба) жүзеге асыру бойынша негізгі тәсілдері мен ұсыныстарын мақұлдап, жергілікті жерлерде іске асыруға жолдады.

Осы Жобаны жүзеге асыру бойынша жасалынған іс шаралар жоспарының 1.2.3. тармағына сәйкес облыс прокурорымен келісіліп, облыс әкімінің бекіткен Алматы облысындағы жер заңнамаларын бұзып пайдаланушылар мен пайдаланбаушылардан жерді қайтарып алуды қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан толықтай ала алмауына тоқтап, семинар-кеңеске қатысушылардың бұл іске бел сыбана кірісуін өтінді. Сонымен қатар осы кеңеске әдістемелік көмек ретінде алып келген материалдарын үлестіріп таратты.

Орманбетов М.Б.- Басқарманың жерге орналастыру және мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы.

Осы мәселе бойынша кемшіліктер негізінде Талдықорған қаласына қатысты. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 140 бабының 1.тармағында « Бақылау және қадағалау органдары мынадай:

1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) бару;

2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;

3) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi тексерiлетiн субъектiнi тексеру болып табылады»-делінгендіктен Біздің басқарма бақылаушы мемлекеттік мекеме болып табылатындықтан осы талапты сақтауымыз қажет. Және де бұл талаптар осы баптың 3 тармағындағы қамтылған 25 мемлекеттік органдардың бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

Осыған байланысты жергілікті жердегі субьетілерге барып анықтау жұмыстарына ешқандай да кедергі жоқ.

Садыров Д. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.

Біздің мекемеге техник-маман сұрап хат жазғандарға бас тартқан кезіміз болған жоқ. Негізінде алдағы уақытта сол техниктердің жұмыстарын қаржыландыруды көздеген дұрыс болар еді. Аудандағы, қаладағы құрылып, жұмыс жасап жатқан жұмыс тобына кедергі келтіре алмайтындығына тоқталды.

Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Бершінбеков пен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Нұрмұханбетовтер ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын білмейтіндіктерін көрсетіп, қарсылық білдірді.

Жолдоғұтов А.А. - Семинар барысында берілген бағыт-бағдар мен ұсынымдар жер қатынастары мәселелерін тиімді реттеуге септігін тигізетінін ескере отырып, осындай үлкен маңызы бар өзекті мәселелер алдағы уақытта Алматы өңірінде ұйымдастырылатынын және семинарға қатысушыларға үлкен алғысын жеткізе отырып, семинар-кеңесті қорытындылады .

 

 

Жиналыс төрағасы                                           А.Жолдоғұтов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.