Навигация

Баннеры

Информация

Новости

Жерге иелік-байлыққа жетелейді

Категория: Новости
Дата: 06.05.2016
Просмотры: 453 Печать страницы

«ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 23 «Алматы облысының мемлекеттік басқару құрылымы туралы» қаулысының 3 тармағына сәйкес «Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік мекемесі Алматы облысының аумағында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып құрылды. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 39 қаулымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органның қатарына енген уақыттан бастап жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылатын Басқарма өзіне бекітілген функционалдық міндеттерін үлкен жауапкершілікпен және асқан абыройлылықпен атқара келеді.

Басқарма облыс әкімінің орынбасары С.Бескемпіровтың 13 сәуір 2015 жылы бекіткен «облыстағы ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік етіп пайдаланушы шаруа қожалықтарымен Қазақстан Республикасының Жер кодексінен туындайтын өзекті мәселелерді жергілікті жерлерде бас қосып, түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген жиылыс өткізу» кестесі бойынша Алакөл, Ақсу, Балқаш, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандарының жер саласына қатысы бар мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлерінің, ауылдық округі әкімдерінің және шаруа қожалықтарының басшыларының басы қосылған үлкен жиылыстар өткізілді. Жиылыс барысында көптеген өзекті мәселелер қозғалып, көкейдегі жүрген сұрақтар өз шешімін тауып жатты. Бұл жөнінде облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жарияланды.

Бас қосудағы негізгі көтерілетін өзекті мәселелер жерге қатысты болды, яғни жердің иесі болып табылатын шаруа қожалықтары, жер иеленушілер өздеріне алған жер телімдерін ауыл шаруашылығы, қосалқы шаруашылығы, бау-бақша, шаруа қожалығы болсын тек жер заңнамасының талаптарын сақтай отырып пайдалану, иелік ету, игеру. Жердің құнарлылығын арттырып, агрохимиялық тыңайтқыштарды пайдалана отырып жерді өз деңгейінде сақтауға керек екендігі баса айтылды.

Жер кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар бойынша 2015 жылдың қараша айындағы жаңа редакцияда жарияланған Жер кодексінің 147 бабының 2-1 тармағында ауылдық әкімдердің құзырына жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субьектілерін қоспағанда): 1) мемлекеттік мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелердің жасалуына жол бермеу;
 2) жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырып және жүргiзетіндiгі нақтыланып, бекітіліп берілді. Ендігі кезде ауыл әкімдері жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуына жол ашық. Мұның барлығы да жерге иелік етуді, жерді көзінің қарашығындай сақтауды көздейді

Қазақстанның жері шет елдіктерге ешуақытта сатылмайды, жалға ғана беріледі белгілі бір мерзімге ғана, оны да тиісті мекемелер қадағалап отырады. Жер біздікі, жер қазақтардыкы.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.